Зеренді ауданы прокуратурасымен жүргізілген мониторинг нәтижесінде Аудандық статистика басқармасы талап етілетін ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 3-1-бөлігінің нормаларын бұзып, прокуратураның келісімінсіз инвесторға қатысты бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 497-бабының 2-бөлігі бойынша) әкімшілік материал толтырылып, оны қысқартылған тәртіппен қарағаны анықталды (әкімшілік жауаптылыққа тартылды).
Аудан прокуратурасының наразылығы бойынша сотпен инвесторды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының күші жойылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.
Кәсіпкердің құқықтарын өрескел бұзуға жол бергені үшін басқарма басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Ақмола облысының прокуратурасы