
«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында 2025 жылғы 1 қарашада Зеренді ауданының прокуратурасы азаматтық қорғау қызметкерлерімен, полиция бөлімімен және еріктілер ұйымымен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі» айлығының III кезеңі аясында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізді.
Іс-шаралар барысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үйлерін аралау жүргізіліп, көмірқышқыл газының датчиктері орнатылды, электр сымдарының және пешпен жылыту жүйелерінің жағдайы тексерілді.
Бұдан бөлек, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі жадынамалар таратылып, жылыту маусымында тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар халықтың өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға және қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы