
Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов полиция бөлімінде «АI тергеушісінің көмекшісі» пилоттық жобасының іске асырылуымен танысты.
Аталған жоба Ішкі істер органдарының қызметін цифрландыруға және жаңғыртуға бағытталған. Жаңа интеллектуалды жүйе қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізеді, бұл оның тиімділігі мен ашықтығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоба іс жүргізу құжаттарын автоматты түрде қалыптастыруды, сондай-ақ деректерді талдау мен болжауды көздейді, бұл тергеушілерге тергеудің мазмұндық жағына және іс жүргізу шешімдерін қабылдауға назар аударуға мүмкіндік береді.
Инновациялық технологияларды енгізу уақыт талаптарына жауап беретін заманауи, ашық және технологиялық сот төрелігі жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Полиция бөлімінің басшылық құрамымен елорда жаңындағы өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту бойынша кеңес өткізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы