Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов жұмыс сапары аясында Зеренді ауданына барып, Садовое ауылында сүт өнімдерін өндіретін зауыттың жұмысымен танысты.
Руфат Құттықов аграрлық сектордың дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының маңызды бағыты екенін атап өтті. Сондай-ақ адал кәсіпкерлерді қолдау – қадағалау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін жеткізді. Ол жерді пайдалану, субсидиялау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу саласында заңдылықты қамтамасыз етудің, фермерлердің құқықтарын қорғаудың және жергілікті өндірісті ынталандырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз (байланыс нөмірі ведомстолық сайтында көрсетілген).
Ақмола облысының прокуратурасы