Аршалы ауданының прокуратурасымен «Таза тері – таза ой» атты жоғары адамгершілік акциясы бастамашы болып өткізіліп отыр

Аршалы ауданының прокуратурасымен «Таза тері – таза ой» атты жоғары адамгершілік акциясы бастамашы болып өткізіліп отыр

«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында және қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағытындағы кең ауқымды жұмыстың аясында аудан прокуратурасы «Таза тері – таза ой» атты акцияны ұйымдастырып, сәтті өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қылмыстық әлемнің зиянды мұрасынан ерікті түрде бас тартуға шақыру болып табылады. Оған Аршалы кентіндегі мекемеде жазасын өтеп жатқан 36 сотталған қатысты (олардың өтініші бойынша акция жалғастырылатын болады).

Акцияның басты мақсаты татуировкаларды жою рәсімі ғана емес, сонымен қатар қылмыстық субмәдениеттің, ұрылар түсініктерінің жалған «романтикасын» терең мағынада жоққа шығару және жаңа өмірге батыл қадам жасау болып табылады.

Акция қатысушылары өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болуға ниет білдіріп, салауатты өмір салты мен жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығын көрсетуді көздеді. Бұл жерде түрме «романтикасына» орын жоқ, әрбір адамға тәубеге келіп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріледі.

Ақмола облысының прокуратурасы