Ақмола облысы прокуратурасында алқа отырысы өтті

Ақмола облысы прокуратурасында алқа отырысы өтті

Облыс прокурорының төрағалығымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті.

Жергілікті атқарушы органдар жол берген тұрғын үй және өзге де әлеуметтік құқықтардың бұзылуы қаралды.

Мысалы, 138 жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз алынып тасталған, 21 бала мерзімдері бұзыла отырып кезекке қойылған, екі патронаттық бала қамқоршымен шарт жасамай бірге тұрған және басқа да заңбұзушылықтар анықталған.

Бурабай ауданында мүлікке ауыртпалық салу жөнінде уақтылы шара қолданылмағандықтан, мұрагерлердің үйіне бөгде адам өз бетімен қоныстанған. Бұл ретте соңғысы қылмыстық істің фигуранты болып табылады.

Сандықтау ауданында екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде мүлік мұрагерлерге қайтарылып, ал мемлекеттік мекеме басшысы тұрған пәтер жетім балаға берілді.

Жоғарыда келтірілген мысалдар жекелеген жағдайлар емес.

Қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды, бір басшы қызметінен босатылды, тағы біреуі жұмыстан шығарылды.

Жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс прокурорларына жетім балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы