
Өткен жылдың қараша айында облыс прокуратурасының бастамасымен «Жас Ұрпақ» жобасы қолға алынып, аттас жастар бірлестігі құрылды.
Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақтың ұлттық мұраға және аға буынға деген құрметін арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру.
Басты міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Бүгінде бұл бірлестікке облыс мектептерінен 3 мыңнан астам оқушы мүше болды.
Аталған бастама белсенді және жауапты жастарды тәрбиелеудегі маңызды қадам болып табылады әрі Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың нақты көрінісі саналады.
Жоба аясында балалардың шығармашылық және рухани қабілеттерін дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізілді.
«Жас Ұрпақ» жобасы – Қазақстан халықтарының дәстүрлі құндылықтарын сақтай отырып, заманауи, мәдениетті және жауапты жас буынды тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама.
Ақмола облысының прокуратурасы