Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

31 қазан күні Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарда  «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. 

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың проблемалық мəселелерін жедел жəне білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен тəртіп» идеологемасын ілгерілету.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Азаматтар өңіріміздің заң қоғамдастығындағы үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алды. Олардың арасында белгілі облыс прокуроры, мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылары және басқалары бар.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.

Іс-шара облыс тұрғындары арасында оң жауап алды. Мұндай шаралар қауіпсіз және жауапты қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді.

 

Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы