
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдан бастап елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді, оған сәйкес прокурорлар негізгі іс жүргізу шешімдерін бекітеді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабында көзделген, алдын ала тергеу нысанында аяқталатын барлық қылмыстық істер бойынша айыптау актілерін прокурорлардың жасауына уәкілеттік беретін нормалар күшіне енеді.
Орта есеппен облыс прокурорлары жыл сайын 1000-нан астам қылмыстық істі сотқа жібереді, ал ірі аумақтық прокуратураларда бұл көрсеткіш 300 іске дейін жетеді. Осыған байланысты прокуратура қызметкерлеріне белгілі бір жүктеме түсетіні күтілуде.
Осы тұрғыда қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасы Атбасар, Қосшы және Ақкөл қалаларында барлық қала-аудан прокурорларының қатысуымен айыптау актілерін сапалы дайындау мәселесі бойынша көшпелі топтық семинар-кеңестер ұйымдастырды.
Жергілікті жерде қылмыстық істердің үлгі макеттері ұсынылып, прокурорлар нақты уақыт режимінде іс жүргізу құжаттарын дайындады.
Аталған іс-шара прокурорлардың алдағы кезеңге дайындығын тексеру, осы бағыттағы тәжірибені қалыптастыру және айыптау актілерін дайындау сапасын арттыру мақсатында өткізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы