
"Заң мен Тәртіп" нарративі аясында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы «Жер заңнамасы саласын қадағалау» тақырыбында брифинг өткізді.
Брифингке аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Марат Бақытбекұлы журналистерге жер заңнамасы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, сондай-ақ ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокуратура актілерінің нәтижесінде мемлекетке 5,3 млрд теңге көлеміндегі жер учаскелері қайтарылғанын атап өтті.
Прокурорлар өңірдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы