Целиноград ауданының прокуратурасымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды

Целиноград ауданының прокуратурасымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды

Целиноград ауданының прокуратурасымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында аудандық сотымен бірге көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды.  

Көрсетілімді сот процесін өткізудегі мақсаты - өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында құқықтық сананы арттыру.

Істі қарау нәтижесінде сот азамат А.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1- бөлігімен көзделген мен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 300 сағатқа қоғамдық жұмыстар тағайындалды.

Сот процесіне  колледж және мектеп оқушылары қатысты.

Аудан прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқықтық сана-сезім танытуға және кез келген құқық бұзушылық көріністеріне төзбеушілік танытуға шақырады.

#заң_мен_тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы