Бурабай ауданы прокуратурасымен қызметтер жәрмеңкесі өткізілді

Бурабай ауданы прокуратурасымен қызметтер жәрмеңкесі өткізілді

Бурабай ауданы прокуратурасымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында инициативалық қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, заңнаманы түсіндіру және өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

 

Жәрмеңкеге жеке сот орындаушысы, адвокат, әкімдік өкілі және «Аманат» партиясының өкілі қатысып, өз салалары бойынша кеңестер берді.

 

Азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қолдау және құқықтық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірмелер берілді.

 

Прокуратура мұндай іс-шаралардың «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға, қоғамдық сенімді нығайтуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

Ақмола облысының прокуратурасы