Қөкшетау қаласының прокуратурасы консультативтік-кеңесші органның отырысына қатысты

Қөкшетау қаласының прокуратурасы консультативтік-кеңесші органның отырысына қатысты

23.10.2025 жылы Көкшетау қаласының әкімдігінде қала прокуратурасының және уәкілетті органдардың қатысуымен консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.

Кездесудің күн тәртібінде қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын пробация қызметі бөлімінің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру басты тақырып болды.

Отырыс нәтижесінде жұмыспен қамту, жұмыс орындарын кеңейту, сондай-ақ сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы