Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «AMANAT» партиясы филиалында азаматтарды қабылдады

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «AMANAT» партиясы филиалында азаматтарды қабылдады

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «AMANAT» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешудің нақты тетіктерін айқындау болды.

 

Қабылдау барысында аудан тұрғындары әлеуметтік, инфрақұрылымдық және жер қатынастарына қатысты бірқатар сұрақтар көтерді. Атап айтқанда, Қоянды ауылындағы сауда нысанының жанынан автотұрақ орнын ұйымдастыру үшін қосымша жер учаскесін бөлу мәселесі қаралды.

 

Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында жер учаскелерін бөлу туралы ұсыныстар айтылды. Талқылау барысында бизнесті жоспарлаудың маңыздылығы атап өтіліп, кәсіпкерлерге жобаларды іске асыру үшін егжей-тегжейлі бизнес-жоспар мен қаржылық негіздеме дайындау ұсынылды.

 

Жалпы қабылдау ашық әрі конструктивті форматта өтіп, әрбір өтініш жеке қаралды. Барлық көтерілген мәселелер мен ұсыныстар аудан прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы