
Целиноград ауданы прокуратурасы түсіндіреді, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-1-бабымен адамды күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты бопсалау жолымен, оның ішінде жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы немесе таратылуы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау немесе тарату қатерін төндіріп некеге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Аталған әрекет үшін 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары, сондай-ақ екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген.
Ауырлататын мән-жайлар болған кезде 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұл не түзеу жұмыстары, 1000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру жазалары көзделген.
Ауыр зардаптар абайсызда келтірілген жағдайда ең жоғары жаза ретінде он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ақмола облысының прокуратурасы