Бурабай ауданының прокуратурасымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды

Бурабай ауданының прокуратурасымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды

Көрсетілімді сот процесін өткізудегі мақсат – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында құқықтық сананы арттыру.

Істі қарау нәтижесінде сот азамат К.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот процесіне ауданның жалпы білім беретін мектеп оқушылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.

Аудан прокуратурасы азаматтарды агрессивті әрекеттерден бас тартуға, дауларды заңды жолмен шешуге және зорлық-зомбылық қаупі туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы