Целиноград ауданының прокуроры мен әкімінің Софиевка ауылына іссапары

Целиноград ауданының прокуроры мен әкімінің Софиевка ауылына іссапары

Целиноград ауданының прокуроры Мұрат Ахимов аудан әкімі Дарын Сабырғали Софиевка ауылына барып, «Алаз Строй» ЖШС жүзеге асырып жатқан цемент зауытының құрылыс барысымен танысты.

Іссапар барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, техникалық және қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды.

Сонымен қатар, жобаның жүзеге асу барысы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін оң әсері талқыланды.

        

Ақмола облысының прокуратурасы