«Рецидивтың алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде, Көкшетау қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында,2025 жылдың 15 қазанында сағат 15-00-де «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен кездесу өтті.
Іс-шараға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Нүгертаева, Көкшетау қаласының прокуратурасы, Көкшетау қаласының Полиция басқармасы, Көкшетау қаласының Пробация қызметінің бөлімі, Мансап орталығы және Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы қатысты.
Ақмола облысының прокуратурасы