2025 жылғы 9 қазанда «Рецидивтың алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде Көкшетау қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ Көкшетау қаласы пробация қызметінің бөлімімен бірлесіп, «Новопек» ЖШС кәсіпорнында экскурсия өткізілді
Іс-шараға Көкшетау қаласы пробация қызметінің бөлімінде есепте тұрған 8 пробациялық бақылаудағы тұлғалар қатысты.
Сапардың мақсаты — кәсіпорынның өндірістік алаңдарымен танысу, бос жұмыс орындарын таңдау, еңбек жағдайлары мен одан әрі жұмысқа орналасу перспективаларын талқылау.
Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Жұмыспен қамтылғандарды кейіннен қолдауға ерекше назар аударылады: мамандар жұмысқа орналасу фактісін қадағалайды, бейімделу және туындаған қиындықтарды шешуге көмектеседі.
Ақмола облысының прокуратурасы