2025 жылғы 8 қазан, Ақмола облысының прокуратура қызметкерлері Ақкөл қаласында айыптау актілерін толтыру реформасын іске асыру мәселелері бойынша прокурорлармен семинар-кеңес өткізді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық алдын ала тергеу нысанында аяқталған қылмыстық істер бойынша айыптау актілерін жасау міндеті түпкілікті түрде прокурорларға жүктеледі.
Аумақтық прокурорларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс прокурорының өкімімен облыстық прокуратура аппараты қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды. Аталған топ айыптау актілерін бірізді әрі сапалы дайындауға жәрдем көрсетуде.
Реформаны іске асыру барысында прокурорлардың іс жүргізу мәдениеті мен жауапкершілік деңгейінің артуы, сондай-ақ жұмыста оң динамика байқалуда.
Ақмола облысының прокуратурасы