Аршалы ауданы прокуратурасымен тұтынушылардың құқықтары қорғалды

Аршалы ауданы прокуратурасымен тұтынушылардың құқықтары қорғалды

Аршалы ауданы прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифін төмендетуге қол жеткізді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде қоқыс шығару тарифін есептеу әдістемесі дұрыс қолданылмағаны анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 730 теңгеге төмендетілді (2040 теңгеден 1310 теңгеге дейін). Нәтижесінде Аршалы ауданының 6,6 мың тұтынушыларының құқықтары қорғалды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы