Аршалы ауданы прокуратурасының талдауымен «Аршалы Су» ШЖҚ МКК-нің 94 жұмысшыға 18,3 млн теңге көлемінде еңбекақы бойынша берешегі бар екендігі анықталды.
Қадағалау актісі бойынша берешек толық көлемде өтеліп, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды, соның нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтары қорғалды.
Ақмола облысының прокуратурасы