2025 жылғы 6 қазанда Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері Қосшы қаласында прокурорлармен айыптау актілерін толтыру реформасын іске асыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық алдын ала тергеу нысанында аяқталған қылмыстық істер бойынша айыптау актілерін жасау міндеті түпкілікті түрде прокурорларға жүктеледі.
Аумақтық прокурорларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс прокурорының өкімімен облыстық прокуратурасының аппарат қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылған. Аталған топ айыптау актілерін бірізді әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуде.
Реформаны іске асыру барысында прокурорлардың іс жүргізу мәдениеті мен жауапкершілік деңгейінің артуы, сондай-ақ жұмыста оң динамика байқалуда.
Ақмола облысының прокуратурасы