Степногорск қаласының прокуратурасы «СГХК» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

Степногорск қаласының прокуратурасы «СГХК» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

2025 жылғы 30 қыркүйекте «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Степногорск қаласының прокуратурасы қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп «СГХК» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 

Іс-шара барысында алаяқтықтың негізгі түрлері мен құқық бұзушылар қолданатын әдістер түсіндіріліп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары жеткізілді. Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне «банктік қарыздар мен кредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін алу тәртібі және үшінші тұлғаларға банктік шоттарды заңсыз ұсынғаны үшін қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы