Бурабай ауданы прокуратурасымен қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында мобильді жұмыс тобы құрылды

Бурабай ауданы прокуратурасымен қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында мобильді жұмыс тобы құрылды

Бурабай ауданы прокуратурасымен «Қайталама қылмыстың алдын алу» жобасы аясында қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында прокуратура, пробация қызметі және учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен мобильді жұмыс тобы құрылды.

Тексеру Ақмола облысы прокуратурасының өкілінің қатысуымен де жүргізілді. Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға бару, профилактикалық әңгімелесулер өткізу, сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайларын зерделеу жүзеге асырылды.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ, алайда анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы