Степногорск қаласының прокуратурасы қала әкімдігі ұйымдастырған
жалпы сомасы 710 млн теңгеге 9 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықтады.
Анықталған бұзушылықтар сметалық құнды негізсіз көтеру, артық әрі экономикалық тұрғыдан дәлелсіз жұмыстар көлемін енгізу, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және әлеуетті жеткізушілер арасында бәсекелестік ортаға шектеу қоятын талаптарды белгілеумен байланысты болды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 710 млн теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу жойылды. Жергілікті атқарушы органға жобалық-сметалық құжаттамаларды қайта қарау ұсынылып, соның нәтижесінде 3 конкурс алынып тасталды және 6 мемлекеттік сатып алу бойынша сметалық құн төмендетіліп, негізсіз шығыстар қысқартылды.
Нәтижесінде 235 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.
Ақмола облысының прокуратурасы