Қосшы қаласының прокуратурасы «Рецидивтің алдын алу» жобасы аясында тексерулер жүргізуде

Қосшы қаласының прокуратурасы «Рецидивтің алдын алу» жобасы аясында тексерулер жүргізуде

Қосшы қаласының прокуратурасы «Рецидивтің алдын алу» жобасы аясында қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында прокуратура, пробация бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларының, отбасын қолдау орталықтың қатысуымен мобильді жұмыс тобын құрды.

Тексеру Ақмола облысы прокуратурасы өкілінің қатысуымен де жүргізілді. Іс-шара барысында пробация бөлімінде есепте тұрған адамдарға барды, профилактикалық әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ олардың тұру жағдайлары зерделенді.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ, алайда анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы