Зеренді ауданының прокуратурасы қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында «Рецидивті алдын алу» жобасы аясында прокуратура қызметкерлерінің, пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ отбасы қолдау және сүйемелдеу орталығының қатысуымен іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында есепте тұрған тұлғалар шақырылып, оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек пакетін алу мәселелері түсіндіріліп, басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Жүргізілген іс-шараның нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдағы уақытта осындай кездесулер жүйелі түрде жалғастырылатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы