Ақмола облысының прокуратурасында борышкерлерді жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды

Ақмола облысының прокуратурасында борышкерлерді жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды

2025 жылғы 23 қыркүйекте Ақмола облысының прокуратурасында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында облыс прокурорының орынбасары Ерболат Жүсіптің төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңеске Полиция департаментінің, Әділет департаментінің және Жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Қылмыстық кодекстің 139 және 430-баптары бойынша сот актілерін орындаудан жалтарған борышкерлерді жауапкершілікке тартудың төмен нәтижелілігінің себептері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша әділет және полиция органдарына басым бағыттар бойынша жұмысты күшейту, заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұсыныстарды дайындау сапасын арттыру тапсырылды.

Қабылданған шешімдер аясында заңда белгіленген жауапкершілікке тартудағы тиімділікті арттыруға бағытталған алгоритм әзірленді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы