Целиноград ауданының прокуроры Қоянды ауылының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Кездесу барысында ауыл маңында орналасқан рұқсатсыз қоқыс полигоны және елді мекеннің айналасында тұрмыс қалдықтарын өңдеу зауытының құрылысы мәселелері көтерілді. Азаматтардың барлық өтініштері тыңдалып, қарауға қабылданды.
Аталған мәселелерді шешу мақсатында аудан прокуратурасы Ақмола облысы бойынша экология Департаменті, аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп қажетті шараларды қабылдайтын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы