Зерендi ауданы прокуратурасына ШЖҚ МКК «Зерендi аудандық ауруханасы» қызметкерлері жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақының берілмеуіне байланысты жүгінді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде 85 қызметкерге жалпы сомасы 27,4 млн теңгені құрайтын еңбек демалысына төлемақы уақытылы төленбегені анықталып, олардың ақылы жыл сайынғы демалысқа шығу жөніндегі конституциялық құқықтарының бұзылғаны белгілі болды.
Аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде еңбек демалысына берілмеген төлемақы толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Зерендi ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуы мен қызметкерлердің құқықтарының қорғалуын бақылауды жалғастыруда.
Ақмола облысының прокуратурасы