Біржан сал ауданындағы оқушылармен ашық диалогы

Біржан сал ауданындағы оқушылармен ашық диалогы

Біржан сал ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, Степняк қаласындағы Абай атындағы №2 орта мектебінің оқушыларымен кездесуді өткізді.

         Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру және «Нашақорлыққа,кибербуллинга жол жоқ» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында өтті.

Жасөспірімдерге нашақорлықтың зияны, есірткіні қолданудың салдары туралы түсіндіріліп, заңды жауапкершілік, оның ішінде буллинг саласында да жеткізілді.

Мектеп оқушыларымен кездесуде ашық диалог өтіп, онда оқушылар салауатты өмір салтына және заңға бағынатын мінез-құлыққа ұмтылысын көрсетті.

         Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

                                                                   Ақмола облысының прокуратурасы