«Заң мен Тәртіп» акциясы аясында, сондай-ақ «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру мақсатында аудан прокуратурасы полиция қызметкерлері мен пробация қызметімен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу.
Тексеру «Цифрлық қадағалау» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылып, тұрғылықты жері бойынша тексерудің тіркелуі қамтамасыз етілді.
Атбасар ауданының прокуратурасы