Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 33 азаматқа жалақы бойынша берешек өтелді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 33 азаматқа жалақы бойынша берешек өтелді

Есіл ауданы прокуратурасымен әлеуметтік жағдайды бақылау барысында кәсіпорынның бірінде 33 қызметкеріне жалпы сомасы 12 млн теңгеге жуық жалақының төленбеу фактісі анықталды.

 

Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, бірнеше күн ішінде жалақы бойынша берешек толық өтелді.

Аудан прокуратурасы осындай жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Ақмола облысының прокуратурасы