2025 жылғы 16 қыркүйек күні Қорғалжын ауданында "2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) қоғамдық жұмыстар бойынша енгізілген өзгерістерді түсіндіру" тақырыбында жиналыс өтті.
Жиынға аудан прокуроры Кемелбеков Жасұлан Бұрханбайұлы мен аудандық соттың төрағасы Тулеев Серік Тұрлыбекұлы қатысып, жаңартылған заң нормаларын түсіндіріп, қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жазаны қолдану тәртібі бойынша баяндама жасады.
Шара барысында құқық қорғау, сот және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қолданыстағы тәжірибе, жаңа өзгерістердің мәні және қоғамдық тәртіпті нығайту жолдары бойынша пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.
Бұл кездесу — заңнаманы тиімді қолдану және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы маңызды диалог алаңы болды.
Ақмола облысының прокуратурасы