Ақмола облысында прокуратурамен қайтарылған активтер ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды

Ақмола облысында прокуратурамен қайтарылған активтер ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды

Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақадыр ауылында прокуратура органдары қайтарған активтер ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды.

Осы қаражат есебінен жалпы ұзындығы 12 шақырым болатын су құбыры желілерін және су алу құрылыстар салу жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары ауыз суды пайдалануда шектеулерге тап болып отыр, негізгі су көзі ретінде колонкалар мен су тарату пункттері қызмет етуде. Су құбыры пайдалануға берілгеннен кейін 500-ден астам тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

Мердігер ұйым жұмыстың сапасын қамтамасыз ету мен белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аударып отыр.

Құрылыс барысы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 

Ақмола облысының прокуратурасы