Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Біржан сал ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, Степняк қаласындағы Абай атындағы №2 орта мектебінің оқушыларымен кездесуді өткізді.
Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру және «Нашақорлыққа, кибербуллинга жол жоқ» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында өтті.
Жасөспірімдерге нашақорлықтың зияны, есірткіні қолданудың салдары, заңды жауапкершілік, оның ішінде буллинг саласы туралы түсіндірілді.
Мектеп оқушыларымен кездесуде ашық диалог өтіп, онда оқушылар салауатты өмір салтын ұстануға және заңға бағынатын мінез-құлыққа ұмтылысын көрсетті.
Прокуратураның кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстары жалғастырылатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы