Осы мәселенің алдын алу мақсатында уәкілетті органдармен бірлесе отырып тиісті іс-шаралар жүргізуде.
Осыған орай, жер қойнауын заңсыз сондай-ақ өз бетінше пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықтың бар екендігін ескертеміз.
ҚР ӘҚБтК 139-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жер қойнауын заңсыз пайдалану жер қойнауының ресурстарына келтірілген залал сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келсе, ҚР ҚК 334-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай залал келтірсе, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ақмола облысының прокуратурасы