Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында дәрігерлік амбулатория салу» құрылысы барысымен танысты.
Бұл жоба алты жақын орналасқан ауылды қоса алғанда, 1800-ден астам тұрғынның алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылып жатыр.
Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 95% аяқталды.
Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жоспарланған.
Ақмола облысының прокуратурасы