Жер қойнауын пайдалану мәселелері Целиноград ауданы прокуратурасының бақылауында

Жер қойнауын пайдалану мәселелері Целиноград ауданы прокуратурасының бақылауында

Жер қойнауын пайдалану саласында заңдылықты қамтамасыз ету және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу мақсатында Целиноград ауданының прокуроры Мұрат Ахимов жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында кен орындарын өз бетінше игеру және заң талаптарын бұзумен байланысты заңсыз қызметті анықтау және жолын кесу мәселелері талқыланды. Уәкілетті органдар тарапынан бақылауды күшейту, сондай-ақ қоршаған орта мен мемлекет мүдделеріне залал келтіруге жол бермеу мақсатында іс-қимылдарды үйлестіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, аудан прокуроры жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп карьерлер аумағына шығып, тексеру жүргізді. Тексеру барысында инертті материалдарды өндіру кезінде заң талаптарының сақталуы, рұқсат беру құжаттарының болуы және жер қойнауын пайдалану шарттарының орындалуы қаралды.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою, профилактикалық шараларды күшейту және тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, тұрақты бақылауда болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы