Аршалы ауданы прокуратурасымен ведомствоаралық кеңес өткізілді

Аршалы ауданы прокуратурасымен ведомствоаралық кеңес өткізілді

А.ж. 11-ші қыркүйегінде «Заң және Тәртіп» акциясы аясында Аршалы ауданы прокуратурасы аудан әкімдігі мен полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңес барысында қылмыстылықтың алдын алу, қылмыстық істерді тергеу бойынша қабылданып жатқан шаралары талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға «TargetAI» компаниясының цифрлық шешімдері таныстырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша мүдделі органдарға тапсырмалар берілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы