«Заң мен Тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың берік тірегі

«Заң мен Тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың берік тірегі

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өтті:

«Заң мен Тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тірегі. Бұл қағидатты қоғамда орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар ортақ көзқарас пен бірыңғай ұстаным қалыптастыруы қажет. Ең бастысы – кез келген құқық бұзушылыққа, кез келген заңсыздыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау. Тек сонда ғана қоғам санасында құқық бұзушылықтарға, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қалыптасады, кез келген антиәлеуметтік құбылыстарға қарсы иммунитет пайда болады».

Президент қойған міндеттерді іске асыру аясында және Мемлекеттік айыптаушылардың ІІ Республикалық форумын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау мақсатында Степногорск қаласының прокуратурасы МРЦ-мен бірлесіп, жергілікті колледж студенттеріне «Әділсотты жүзеге асырудағы азаматтық қатысудың рөлі мен маңызы» тақырыбында ағартушылық дәріс өткізді.

Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық санасын арттыруға және сот жүйесінің жұмысында белсенді азаматтық ұстанымның маңызын түсіндіруге бағытталды.

Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері азаматтардың әділсотты жүзеге асыруға қатысу нысандары туралы айтып берді — атап айтқанда, қазылар алқасының рөлі, қоғамдық бақылаушылардың қатысуы және прокуратура органдарына өтініш беру мүмкіндіктері түсіндірілді. Ерекше назар қазылар институтына аударылды, ол сот төрелігін жүзеге асырудағы халық қатысуының маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, азаматтардың сот процесіне қатысуының нақты мысалдарына қатысты сұрақтар қойды, сонымен қатар күнделікті өмірде құқықтық жауапкершіліктің және заңды сақтаудың маңызы талқыланды.

Осындай іс-шаралар прокуратура органдарының халықты құқықтық ағартуға және құқық қорғау институттарына деген сенімді нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Бұл Мемлекет басшысының қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа және антиәлеуметтік көріністерге төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келеді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы