Мемлекет басшысы өз Жолдауында ерекше атап өткендей, «Заң мен Тәртіп» – біздің мемлекеттік жүйеміздің берік тірегі.
Осы қағидатты қоғамда орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным қалыптастыруы тиіс.
Кез келген құқықбұзушылыққа, кез келген заңсыздыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтау – аса маңызды.
Тек сонда ғана қоғам санасында құқықбұзушылыққа, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа төзбеушілік орнығып, кез келген жат құбылысқа қарсы иммунитет қалыптасады».
Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында Атбасар ауданы прокуратурасы ауданның білім беру ұйымдарының оқушыларымен тақырыптық кездесулер өткізді.
Ашық әңгімелер барысында мектеп оқушыларына олардың құқықтары, міндеттері және қорғау тетіктері қолжетімді түрде жеткізілді.
Қуантатыны – балалар белсенділік танытып, шынайы қызығушылық білдірді, заң нормаларын тәжірибеде қолдануға қатысты сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Мұндай диалог жас ұрпақта құқықтық мәдениетті және жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді, бұл олардың қауіпсіздігінің маңызды кепілі болып табылады.
Ақмола облысының прокуратурасы