Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сана-сезімді қалыптастыру міндетін алға қойды.
Осы орайда, Степногорск қаласының прокуратурасы ЖРО-мен бірлесе отырып, жергілікті колледж студенттері үшін «Әділ сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтық қатысудың рөлі мен маңызы» тақырыбында ағартушылық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сана деңгейін арттыру және сот жүйесінің жұмысында азаматтардың белсенді ұстанымының маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері азаматтардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуының түрлі нысандары туралы айтып берді. Атап айтқанда, алқабилердің рөлі, қоғамдық бақылаушылардың қатысуы және прокуратура органдарына өтініш білдіру мүмкіндіктері сөз болды. Әсіресе алқабилер институтына ерекше назар аударылды, өйткені бұл халықтың сот төрелігіне қатысу қағидатын іске асырудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде атап өтілді.
Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, азаматтардың сот процестеріне қатысуының нақты мысалдары бойынша сұрақтар қойып, сондай-ақ күнделікті өмірде заңды сақтау мен құқықтық жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.
Мұндай іс-шараларды өткізу – прокуратура органдарының халықты құқықтық ағарту және құқықтық тәртіп институттарына деген сенімді нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Ақмола облысының прокуратурасы