Ақмола облысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілері 300%-ға артты – 2-ден 8-ге дейін.
Ақпараттық жүйелерді талдау барысында интернет-дүкен арқылы каннабиноидты өсімдіктердің тұқымдарын сатып алып, оларды үй жағдайында өсірген тұлғалар анықталды.
Облыстық полиция Департаменті жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары барысында Көкшетау, Степногорск, Щучинск және Атбасар қалаларында 4 кг астам гашиш және 5 кг-ға жуық марихуана тәркіленді.
Мысалы, 25.02.2025 ж. Атбасар қаласының тұрғыны азамат «Г» өз пәтерінің бір бөлмесін арнайы құралдармен жабдықтап, пластикалық шелек пен гүл құмыраларына сора тұқымдарын заңсыз егіп, кейін өсірумен айналысқан. Сол жерде алдын ала буып-түйілген есірткі заттары да табылды – 2,1 кг гашиш пен 917 гр марихуана.
11.06.2025 ж. Атбасар аудандық сотының үкімімен азамат «Г» есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған қарасора сорттарын себу және өсіру қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жалпы, жыл басынан бері осындай қылмыстар үшін 6 тұлға сотталды.
Ақмола облысының прокуратурасы ескертеді: есірткіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, сату және жарнамалау – 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Ақмола облысының прокуратурасы