Ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне қатысты облыс прокуратурасының түсініктемесі

Ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне қатысты облыс прокуратурасының түсініктемесі

Ақмола облысының прокуратурасымен адамдарды ұрлау, алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

2025 жылғы 2 қыркүйекте ведомстволық порталға тиісті баспасөз релизі жарияланды.

2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы банк қызметкерлерінің аталған іске қатысы жоқтығы жөнінде ресми теріске шығару жариялады.

Прокуратура жариялаған ақпарат қылмыстық істің нақты материалдарына негізделгенін хабарлаймыз.

ҚПК-нің 200-бабына сәйкес уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚР ҚМА) орталық аппаратына банк қызметкерлерінің ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне қатыстылығы көрсетілген ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар, аталған банктер өзге ұйымдармен бірге бұл іс бойынша жәбірленуші деп танылды және олар қылмыстық процеске барлық құқықтары бар өкілдері арқылы қатысуда, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық кезеңдерінде қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығы бар.

Осыған байланысты банктердің тергеліп жатқан іс жөнінде хабарсыздығы туралы уәждері негізсіз болып табылады.

                                         Ақмола облысының прокуратурасы