Азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Целиноград ауданының прокуратурасы мал ұрлығын алдын алуға бағытталған ақпараттық бейнеролик әзірледі.
Мал – ауыл тұрғындарының күнделікті еңбегінің нәтижесі.
Өкінішке орай, мал ұрлығы жағдайлары жиілеп кетті.
Естеріңізге саламыз: мал ұрлығы – қылмыстық жауаптылық көзделген ауыр қылмыс.
Целиноград ауданының прокуратурасы мал ұрлығы фактілерін болдырмау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Еңбектеріңіз бен мүлкіңізді сақтаңыздар!
Ақмола облысының прокуратурасы