Зеренді ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуы қарастырылды

Зеренді ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуы қарастырылды

Зеренді ауданында прокуратура, полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органның қатысуымен бірлескен жиын өтті.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен алаяқтықтың алдын алу шаралары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданып, алдағы жұмыстар айқындалды.

Ақмола облысының прокуратурасы