Ақмола облысында атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

Ақмола облысында атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

Ақмола облысының прокурорлары әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі банктік несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.


ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында бірқатар банктердің («Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк», «Jusan bank») қызметкерлері болған. Олардың қатысуымен 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.

Қылмыстардың құрбаны болғандар – Республика бойынша 348 азамат. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленгеннің жалпы құны – 2,7 млрд теңге.

Топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді, түпкілікті шешімді сот шығарады.
Прокуратура ескертеді: сақ болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Ақмола облысының прокуратурасы