Ақмола облысы прокурорының төрағалығымен жол-көлік оқиғалары бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Ақмола облысы прокурорының төрағалығымен жол-көлік оқиғалары бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 28 тамызда облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселесі қаралған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста құқық қорғау және уәкілетті органдардың басшылары, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста жол-көлік оқиғаларының жай-күйі мен мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 7 ай бойы  облыста ЖКО 72%-ға өсіп, олардың салдарынан 1000-нан астам азамат зардап шеккен.

ЖКО-ның негізгі себептері – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы, жүргізу мәдениетінің төмендігі, сондай-ақ жол инфрақұрылымындағы кемшіліктер болып табылады.

Облыс прокуроры жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеуде кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша жағдайды оңалту және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы